Теңіз кенішінің 25 жұмысшысы Covid-19 індетін жұқтырды

Олардың ішінде үш науқас Үндістан азаматы, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандар - кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар.

Атап айтқанда, науқастар - 1996, 1971, 1978, 1974, 1992, 1965, 1974, 1988, 1974, 1987, 1984, 1976, 1970, 1998, 1986, 1992, 1991, 1982, 1978, 1982, 1979, 1994, 1987 , 1992, 1972 жылы туылған жиырма бес ер адам.

Covid - ке алынған тесттен оң нәтиже көрсеткендер инфекциялық стационарға жатқызылады және хаттамаға сәйкес тиісті ем алады. Науқастармен байланыста болғандар анықталып, олар дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 457 адамға жетті. Ал, аталмыш індеттен сауығып шыққандар саны - 127

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика