Теңіз кенішінің 17 жұмысшысы коронавирустан жазылып шықты

Штабтың мәліметіне сәйкес, олардың барлығы – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін ер адамдар 

Өңірде Covid-19 індетінен айыққандар саны 279 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Өткен тәулік ішінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 17 адам жазылып шыққан. Штабтың мәліметіне сәйкес, олардың барлығы – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін ер адамдар.

– Қазіргі уақытта емделіп шыққан 17 адам да өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс көрсеткіш көрсетті, – дейді Жедел штаб.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 279 адамға жетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521