АТЫРАУДА 49 НАУҚАС КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНАН ЕМДЕЛУДЕ
Атырау облысындағы инфекциялық стационарда коронавирустан 49 адам емделіп жатыр, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Қазіргі уақытта №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекциялық стационарында covid-19 жұқпасымен 29 науқас ем алуда. Ал, Теңіз кенішіндегі аурухананың инфекциялық стационарында 20 науқас ем қабылдауда.
Өткен тәулікте облыс бойынша үй жағдайында емделген 23 адам қауіпті инфекциядан жазылды. Облыс бойынша 11266 адам қауіпті індетке шалдыққан, оның ішінде 11057 адам жазылып шықты.
Айта кетейік, пандемияның екінші толқынына орай өңірде 520 орындық инфекциялық және он провизорлық стационар жасақталған.
Атырау облыстық денсаулық сақтау
басқармасының баспасөз-қызметі.