Теңіздегі инфекциялық стационарда 53 адам ем алуда

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 137 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

486 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 92 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 4 адам анықталды.

Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 7, Исатайда – 7, Индерде 8, Махамбет ауданында – 5, Қызылқоғада – 2, Құрманғазы ауданында – 9, Мақатта – 3 адам анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 85 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 94 адам емделіп шықты. Қазір 420 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 185, №2 облыстық ауруханада -135, аудандық инфекциялық стационарларда – 112 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 53 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT