Теңіздегі 50 жұмысшыдан ковид-19 анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 73 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 18-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 50 жұмысшыдан, Жылыой -3, Қызылқоға-1, Құрманғазы ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 16-ында ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 53 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 243 адам үй жағдайында емделуде.

Облыстық инфекциялық стационарда 108 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 32, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 812 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, еліміз бойынша қауіпті індет жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты бүгін Атырау, Ақмола облыстары «қызыл аймақта» қалып отыр.

Атырау облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика