Теңіз кенішінде 33 адам ем қабылдауда

https://ken-zhyloi.kz/images/tco30.jpg

Атырауда 59 науқас коронавирус инфекциясынан емделуде

Атырау облысында коронавирустан 59 адам емделіп жатыр, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қазіргі уақытта № 2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекциялық стационарында covid-19 жұқпасымен 26 науқас ем алуда. Үш пациент аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жас ерекшеліктері 40 пен 65 жас аралығында.

Ал Теңіз кенішіндегі аурухананың инфекциялық стационарында 33 науқас ем қабылдауда. Аудандардағы инфекциялық стационарда емделіп жатқан науқастар жоқ.

Айта кетейік, ауырғандардың 38-інде дәлелді ковид жұқпасы болса, 21 науқасқа короновирусты пневмония диагнозы қойылған.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521