Таза ауадағы таңғы жаттығу

 

Құлсарының 50-жастан асқан тұрғындарына арналған “Ешқашан кеш емес” жобасындағы сұранысқа ие бағыттың бірі — йога үйірмесі. Әлеуметтік жоба аясындағы үйірмеге денсаулығын түзеп, қимылын ширатуға ниетті 40 адам жазылған. Олар 3 топқа бөлініп жаттығады. Әдетте сабақтар арнайы жаттығу залында өтсе, бүгін 20-ға жуық қатысушылар ертемен қалалық стадионға жиналды.

— Таза ауада жаттыққанның жөні бөлек қой. Ертемен келіп, бой жазып, бір сергіп қалдық. Жаттығуымыз кішігірім мерекеге айналды. Ұйымдастырушылар мен демеушілерге рақмет, - дейді Игибаева Дина

Йога үйірмесінің жаттықтырушысы Балерке Нарегейқызы бұл саладағы тәжірибесі 10 жылдан асады. Оның ойынша, сабақты түрлендіріп өткізу қатысушылардың зерігуіне жол бермейді.

— Бірсарындылық адамды жалықтыруы мүмкін.  Сол себепті 3 топты біріктіріп, таңмен стадионға жинадық. Йоганың пайдасы өте көп, ал ол таза ауада жасалса, тіптен керемет дейді, - Балерке Нарегейқызы.

Егде жастағыларға арналған жоба“Теңізшевройл” ЖШС демеушілігімен іске асып жатыр. Онда йогадан бөлек, хореография, вокал, ағылшын тілі сынды үйірмелер бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT