Таяуда модульдік аурухана құрылысы аяқталмақ

Махамбет Досмұхамбетов салынып жатқан модульді типте емхана құрылысын тексеріп шықты

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырауда салынып жатқан 200 орындық модульдік типтегі жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын тексеріп шықты»,-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникация қызметі.

Болжанып отырған пандемияның екінші толқынына Атырау облысында дайындық күн санап күшейді. Дайындық шаралары аясында Атырауда 200 орындық модульдік типтегі жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі кезде тиісті жұмыстардың 85% аяқталды. 900 адам жұмыс істеп жатқан нысан осы қазан айында аяқталады деп жоспарлануда.

Медициналық нысан 180 стационарлық төсекке және 20 кереуеттік реанимациялық бөлім мен қарқынды терапияға арналған. Модульдік аурухананы облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының тапсырысымен ТОО "BI Industrial"BI компаниясы мердігер болып анықталып, салып жатыр. Инфекциялық ауруханалар стандартымен бой түзейтін медициналық мекеменің ғимараты жылдам құрастырылатын құрылыс технологиясын пайдалана отырып, модульді блоктардан тұрғызылуда. Медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи құралдармен жабдықталады.

Ғимарат әкімшілік бөлігі бар медициналық блоктан, қабылдау-диагностикалық бөлімнен, операциялық блогы бар жансақтау бөлімінен және галерея типіндегі дәлізбен байланысқан бес бөлімнен тұрады.

Жұқпалы аурулар ауруханасын салу жобасы медициналық логистика мен инфекциялық бақылауды сақтай отырып, бір-бірімен ыңғайлы байланыста болатын блоктармен жасақталынған. Карантиндік және қарқынды терапия аймақтары бөлінген. Санитарлық бақылау бөлмелерін ұйымдастыра отырып, науқастардың мен қызметкерлердің жүріс бағыты белгіленген.

Мұнда 56 екі, 16 үш орынды палатаның, 6 бір орынды, көшеге жеке шығатын 7 екі орынды бокс, қарқынды терапия бөліміне 20 кереуетті орын, қабылдау-диагностикалық бөліміне 5 бокс қарастырылған.

Персоналға арналған санитарлық бақылау бөлмелерінің аймақтары барлық құрылымдық бөлімшелерде таза және жұқпалы аймақтар болып бөлінді. Адамдар қозғалысы бір-біріне кедергі келтірмейтіндей санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық талаптар қарастырылған.

Аймақ басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен құрылыс басқармаларына нысанның өз салаларына тиісті талаптарға сай келуін күнделікті тексеріп, қарап отыруды тапсырды.

Айта кетелік, Құлсары қаласында да 275 орындық аудандық орталық аурухана салынуда.

Атырау облыстық коммуникация қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT