Танымал дәрігер-ғалымның шеберлік сағаты

Ауданда медицина саласының қызметкерлері үшін шеберлік сағаты өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен өткен шараға Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу институтының мамандары мен Астана қаласынан арнайы келген медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер, Қазақ анестезиолог-реаниматолог қоғамдастығының басқарма төрағасы Ағзам Жұмаділов қатысты.

Профессор шеберлік сағатында ана мен бала денсаулығы, нейрореанимация және түрлі аурулардың алдын алу тақырыптарында кәсіби кеңестер беріп, аудан мамандарына тәжірибе жинақтау мүмкіндігін ұсынды. Екі күнге созылған іс-шараға ауданның барлық медицина қызметкері белсенді қатысып, өз біліктілігін арттыруға жағдай жасады. Жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Сарманов сөз сөйлеп, шеберлік сағатының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар жоғары санатты дәрігер Ағзам Жұмаділовке аудан әкімінің атынан алғыс хат табыстап, өз ризашылығын білдірді.

П.Тәжі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT