Тағы 2 жылыойлықтан COVID-19 анықталды

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 23 адам тіркелді

(29.06.2020 жылғы мәлімет бойынша) COVID-19 жұқтырған 21 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Олардың 12-сі ер, 5-еуі әйел адам. Олардың бірқатары ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінсе, кейбірінен скринингтен өту барысында анықталды.

Сондай-ақ 2 жағдай Жылыой ауданынан тіркелді. Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

29.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1640 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 1376.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521