Төрт ер адам және бір әйел адам

«Атырауда коронавирус инфекциясынан сауығып шыққандар саны 165 адамға жетті» деп хабарлайды Шұғыл штаб.

Сауығып шыққандар Теңіз кенішінің бес жұмысшысы: төрт ер адам және бір әйел адам.

​ «Коронавирус инфекциясымен бірге, бес науқастың барлығынан өкпенің қабыну дерті қоса пайда болды. Сол себепті, олардың жағдайы орташа деңгейде ауыр деп бағаланған еді. Десе де, дәрігерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде ауруды жеңу мүмкін болды. Бүгінде емделушілерден коронавирусқа тапсырылған бақылау тесті нәтижесі қатерлі дерттің беті қайтқанын көрсетті. Емделушілер инфекциондық стационардан шығарылды» деп нақтылады Штаб.​

Айта кетелік, вирусты жеңіп шыққандар 36, 37, 23, 42 жастағы ер адамдар және ​ 54 жастағы әйел адам.​ 17 ​ мамырдағы кешкі уақыттағы жағдай бойынша, Атырауда коронавирус инфекциясынан сауығып шыққандар саны 165 адамға жетті.​

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика