Тұмаумен күресудің бірден-бір жолы - вакцинопрофилактика

Жіті респираторлы вирустық жұқпалар (ЖРВЖ) адам денсаулығына және елдің экономикасына да зардабын тигізетін дерт. ЖРВЖ-дың ішінде ең зұлымы тұмау болып табылады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын әлемде тұмау ауруының 3 – 5 млн. ауыр түрлері тіркеліп, оның 250-500 мың жағдайы өлім жағдайымен аяқталады.

2019-2020 жылдардың өткен эпидмаусымында облыста ЖРВЖ-ның 2475 жағдайы, оның ішінде тұмаудың зертханалық дәлелденген 14 жағдайы (жүкті әйелдер арасында – 9 жағдай, 14 жасқа дейінгі балалар – 5 жағдай, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар арасында – 1 жағдай) тіркелді. Тұмаудан басқа облыста тұмау емес вирустар айналымда болады. Өткен маусымда барлығы 91 үлгі зерттелді, оның ішінде 30%-да оң нәтиже анықталды. Негізінен, риновирус, аденовирус, РСвирус, парагрипп сияқты вирустар анықталады.

Тұмау – жасы мен жынысына қарамастан барлық адамдарды зақымдайтын қауіпті жұқпалы ауру. Дәрігерлер тұмаудың вирусын тұрақсыз өзгермелі дейді. Расында да, өзгермелігінде тұмауға тең келетіні жоқ. Әрбір екі-үш жыл сайын ол өзінің қасиетін өзгертіп отырады. 10-12 жыл сайын вирустың жаңа түрлері пайда болып, олар алдыңғы түрлерінен өзгеше болып келеді. Негізі тұмау адамға ұсақ түкіріктер немесе сілекей шашырықтарымен жөтелгенде, түшкіргенде жұғады. Тұмау ауруының алғашқы кезеңі өте жедел басталады. Жасырын инкубация мезгілі бір-екі күнге созылып, кейін мына клиникалық белгілер пайда болады: әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, бұлшықеттерінің ауруы.

Тұмау вирусының қауіптілігі - организмдегі созылмалы жүрек, өкпе, жүйке, жүрек-тамыр жүйесіндегі ауруларды асқындыруы. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша, тұмаумен күресудің алдын алудың шарасы – вакцинопрофилактика. Вакцина егуді күзде бастаған тиімді, себебі тұмау індеті желтоқсан мен наурыз айлары аралығында болады және де екпе алғаннан кейін организмде иммунитет пайда болғанға дейін 14 күндей уақыт керек.

Биылғы тұмаудың жаңа эпидемиялық маусымына жергілікті бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ+» вакцинасының 60000 дозасы сатып алынды. Сатып алынған вакцинамен ақысыз түрде халықтың осал тобына жататын: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларын, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдерді, жүрек - қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жыл сайын тұмауға қарсы вакцинацияланады. Сонымен қатар, осал топқа кірмейтін әр адам өз қалауы бойынша ақылы түрде мемлекеттік емханалар мен жеке клиникалардан тұмауға қарсы екпе алуына болады.

Вакцинациядан басқа тұмаудан қорғанудың тағы бір тәсілі бар – ерекше емес профилактика. Ерекше емес профилактика организмнің өзінің қорғаныш күштерін нығайтуға бағытталған және вакцинациялаумен бір уақытта жүргізуге болады. Профилактика әдістерінің бірі - науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, маусымға сәйкес киіну қажет.

Ауырған жағдайда балаларыңыз (мектепке дейінгі мекемелерге және мектепке бармау) үйде болғаны абзал. Халық көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ науқасқа күтім жасаған кезінде науқас адам да, дені сау адам да бетперде киюі керек. Науқас үйде болғанда оны оқшаулау керек, бөлмені жиі желдету, науқасқа жеке ыдыс бөліп, оны тұрақты түрде өңдеу керек.

Тұмау профилактикасының маңызды әдістерінің бірі - ауырған кезде немесе науқасқа күтім жасағанда қолды сабынмен, дезинфекциялық сулықтарды пайдаланып, жиі жуу қажет. Арнайы бақылаудың нәтижесінде адам қолымен күнделікті мұрын мен көздің бөліндісімен, сілекеймен 300 ретке дейін жанасатынын көрсетті. Иммунитетті көтеретін профилактиканың қолжетімді әдістерін де пайдалану туралы ұмытпау керек (пияз, сарымсақ сияқты табиғи фитонцидтер, шөптер, қарақат, итмұрын қайнатпаларын көп ішу, құрамында С витамині бар ашытқан қырыққабат, цитрус өнімдері сияқты өнімдерді қолдану, сондай-ақ белокқа бай өнімдерді қолдану).

Тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрастылы себезгі мен бассейнді пайдалануға дейін организмді шынықтыру қажет. Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті, сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада дәрігерге бару керек.

А.Сарсенғалиева,

Жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика