Іссапардан COVID-19 жұқтырған эпидемиолог жазылып шықты

Өңірде Covid-19 індетінен сауығып шыққандардың саны 82 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Штаб мәліметіне сәйкес, тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 55 жастағы қызметкері - Теңіз кенішіне іссапармен барған.

- Эпидемиолог Covid-19 індетін инфекция ошағында жұмыс істеу барысында жұқтырды. Оған инфекциялық стационарда тиісті ем шаралары жүргізіліп, соңғы алынған тест қорытындысы бойынша әйелдің коронавирус инфекциясынан айыққаны расталды, - дейді штабтағылар.

Сондай-ақ, инфекциялық стационардан тағы үш жергілікті тұрғын жазылып шыққан. Олар – 33, 35 жастағы екі ер адам және 25 жастағы әйел.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика