СНЮС-ты денсаулыққа зиянды емес десеңіз, қателесесіз

Снюс - бұл түтінсіз темекінің бір түрі.

Жастар арасында «Снюс» деп аталатын темекіні тарту кеңінен таралуда. Снюс - бұл түтінсіз темекінің бір түрі. Оны шайнайтын және соратын болғандықтан жастар кәдімгі темекі тәрізді зиянды емес деп есептейді екен. Алайда ол денсаулыққа өте зиянды. Құрамында 20 мг-нан 250 мг-ға дейін никотині бар ал салыстыру үшін бір сигаретте 1,5 мг никотин бар. Демек снюсте никотин әлдеқайда көп. Құрамында никотиннің көп болуына байланысты оларды тұтынғанда жүйке бұзылады, одан әрі денеге және мінез-құлыққа әсер етеді. Никотиннің өлімге соқтыратын орташа мөлшері бір килограмм салмаққа 0,5-1,0 мг құрайтынын ескерсек, салмағы аз балалар мен жасөспірімдерді өлімге алып келуі мүмкін.

Пайдалану кезінде снюс қызыл иек пен еріннің арасына салынады, соның салдарынан ауыз қуысының шырышты қабықшасында проблемалар пайда болып, қызыл иектің қабынуы және одан әрі онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін, бұл әртүрлі халықаралық зерттеулермен расталған. Қазақстанда бұл зиянды қоспа жасөспірімдер арасында көп сұраныс пен қолданысқа ие болған. Олар снюс темекі және темекісіз өнімдерін интернет-дүкендер арқылы, сондай-ақ қоғамдық орындардан (ойынханалар, сауда орталықтары, түнгі клубтар) сатып алады.

Елімізде қоғамдық орындарда темекі шегуге заң бойынша тыйым салынған және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2019ж. 12.12 № 7-ПГВ р снюс шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерін әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тиым салу туралы» қаулысына сәйкес, бұл өнімдерді пайдалануға, әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға да тиым салынған.

Облыста, ауданда снюстің сатылу орындарын білсеңіз, 5-65-06 телефон номеріне, яғни Жылыой аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына хабарласуыңыз сұралады.

З.Тасболатова,

аудандық ТККСҚБ басқармасының жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521