Қазір баланың кеш сөйлеуі – олардың ата-анасын ғана емес, қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселеге айналды. Тіпті ақыл-ойының дамуында тежелу бар бүлдіршіндер саны да артып бара жатыр. Әрине, бұл жерде ел ертеңіне бірінші көмекке келетін жандар – әке-шешесі, ата-әжесі болмақ. Ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу тек шыдамдылық пен сүйіспеншілікті ғана емес, сонымен қатар оның дамуына қандай нақты қадам жасау керектігін білуді де қажет етеді.
Осыған орай ауданда "Болашақ К" қоғамдық қоры "Баланың ерте психо-сөйлеу дамуы", «CST", "Баланы дамытуды үйрену" атты семинар өткізді. Оған 30-ға жуық ата-ана қатысты.
- Көптеген ата-аналар баласының психо-сөйлеу дамуында кідірістерге тап болады. "Ерте жаста сөйлеу – есте сақтау, зейін және ойлау сияқты когнитивті процестермен тікелей байланысты. Ата-аналар бұл процестерді қалай ыждағаттау керектігін тезірек түсіне бастаса, баланың сөйлеу және әлеуметтік дағдыларды меңгеруі оңайырақ болады. Ми ең икемді және оқуға қабілетті болған кезде дамудың маңызды сәттерін жіберіп алмау қажет,-дейді нейропсихолог Үміт Ниязбаева.
Семинарда ата-аналар ойын ойнау, баламен дұрыс қарым-қатынас жасау, қимылдарды қолдану және визуалды қолдау сияқты сөйлеуді дамытатын әдістер туралы үйренді. Семинарда дефектолог Әйгерім Рахимова даму ерекшелігі бар балалардағы жағымсыз мінез-құлық көбінесе өзін-өзі реттеудегі қиындықтармен және эмоцияларын білдіре білдіре алмауымен байланысты екенін түсіндірді.
Оның айтуынша, бала әлемді қабылдап, өзін-өзі көрсете бастаған кезде мінез-құлығы ата-аналарға қиындық тудырады екен. Агрессия, ашушаңдық немесе оқшаулану көбінесе баланың эмоционалды тәжірибемен күресуі кезінде көрінеді.
- Осы кезде ата-аналар баласына эмоцияларды реттеуге және пайдалы әдеттерді қалыптастыруға қалай көмектесетінін түсінуі керек,-дейді ол.
Осыған орай көбірек позитивті болу, мотивация арқылы баланың мінез-құлқын жақсарту үшін тиімді әдістерді пайдалану керектігі түсіндірілді. Семинарда мамандар баланың жақсы дамуы үшін ата-аналардың сөйлеу және мінез-құлығымен жұмыс істеу процесіне қатысуы өте маңызды екенін айтады. Арнайы әдістер мен тәсілдерді ұсынғанымен, негізгі жұмыс үйде өтетінін, сондықтан ата-аналар баланың қажеттілігі мен түзету әдістерін неғұрлым көп түсінсе, терапия соғұрлым сәтті болатынын ұғындырды.
Психо-сөйлеуді дамыту және мінез-құлықты түзетуге бағытталған семинарларға қатысу - бұл қажетті білім алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар қиын кезеңде ата-аналар үшін үлкен қолдау болып табылады. Мұндай іс-шаралар баланың ерекшеліктерін түсінуге, оның мінез-құлқын басқаруды үйренуге және табысты түрде дамуға ықпал ететін атмосфераны құруға көмектеседі. Мамандар мен тәжірибелі ата-аналар осындай тегін семинарларға көбірек қатысса, соғұрлым үлкен жетістіктерге жетуіне болады.
П.ТӘЖІ