Шетелде болған жерлестер безгек жұқтырып алған жоқ па?

Ауырған адамдар диспансерлік қадағалауда болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының аумағында безгек масаларының түрлері таралғаны белгілі болды. Әсіресе, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында безгектің жергілікті жерлерде таралу қаупі жоғары. Безгек ауруы негізінен төмендегі елдерден келген адамдарда болуы ықтимал, ол елдер: Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркменстан, Өзбекстан,Тәжікстан, Грузия, Үндістан, Қытай, Иран, Ирак, Біріккен Араб Эмираты, Түркия, Сауд Аравиясы, Африка, Индонезия, Пәкістан, Ауғанстан, Бутан, Вьетнам, Камбоджа, Малайзия, Сирия, Тайланд, Филиппин, Мексика, Бразилия, Венесуэла, Перу, Эквадор, Австралия және Вануату мұхиты, Соломон аралдары.

Осы елдерге іссапармен демалуға барған немесе баратын адамдардың толық мәліметтерін аудандық орталық ауруханаға (аудандық емханаға) хабарлауыңыз сұралады. Аталған мемлекеттерден келген адамдарда безгек ауруын жұқтырдым-ау деген күдік болған кезде зертханалық зерттеудің нәтижесін күтпей, анамнез бен клиникалық сипаты негізінде дереу қан алғаннан кейін емделуі қажет. Жоғарыда көрсетілген елдердің безгектің қайталану қаупі бар елді мекендерінен келген адамдардан безгек ауруына қарсы қан алынып, тексерілуі керек.

Сондай-ақ, безгек ауруы, қан құйғаннан кейін екі ай бойы қызуы көтерілген адамдарда, донорларда болуы мүмкін, бұл адамдар қандарын арнайы сараптамадан өткізулері керек. Диагнозына қарамастан, үш күн бойы қызу көтерілгенде, адам денесі қалтырап, әлсіресе, ұшық шыққан кезде, гепатоспленомегалия мен этиологиясы белгісіз анемия кезінде безгек ауруымен ауыратын не ауырмайтындығын анықтау үшін дәрігерге қаралуы керек. Ауырған адамдар диспансерлік қадағалауда болуы тиіс.

Зоя Тасболатова,

аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы

мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521