Ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары жазғы айларда «Сальмонеллез» ауруынан сақтануға шақырады.
Сальмонеллез – сальмонелла адам мен жануардың туындайтын жұқпалы ауруы. Сальмонеллез қоздырғыштарының температура, ылғалдылық және жұғу көлемділігіне байланысты сыртқы орта объектілерінде өмір сүруге қабілеті өте зөр. Көбінесе негізгі жұқпа көзі құстар болып табылады. Қазіргі уақытта тауық, ірі қара мал қоздырғыштың эпидемиялық маңызды көзі болып есептеледі. Сальмонеллез ауруын жұқтырған адам (әсіресе симптомсыз тасымалдаушы) тағамды дайындап, таратса, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін сатса, ерекше қауіп төндіреді.
Қоздырғышты жұқтыру механизмі көбінесе тамақ арқылы (алиментарлы) жұғады. Бұл ретте тағам өнімдері, әсіресе ет, ет құс өнімдері, жұмыртқа және крем өнімдері қоздырғышты тарату факторы болып табылады. Тауық жұмыртқалағанға дейін жұқтырылған жұмыртқа, сондай-ақ одан дайындалған өнімдер ерекше қауіп төндіреді. Ірімшік, брынза, балық, соның ішінде ысталған балық және теңіз өнімдерін пайдалану салдарынан туындаған сальмонеллез аурулары белгілі.
Сальмонелла үшін сілікпе, құйма тағамдар, кремдер, ет фаршы, салаттар, сүт өнімдері қолайлы орта болып есептеледі. Әсіресе бұл микробтар бөлме температурасында және жылыда дайын тағам өнімдерінде қарқынды дамиды.
Сондықтан сальмонеллез ауруы жазғы маусымда, ыстықта өседі. Бұған қоса, аурудың жұғу қаупі дайын тағамдағы сальмонеллалардың тағам түрін, иісін, дәмін өзгертпестен көбеюінен артады. Сальмонеллез қауіпсіз ауру емес. Сальмонеллалар ұзақ уақыт бойы толық емделмеген сырқаттың ағзасында сақталуы мүмкін.
Міне, сондықтан сальмонеллез сияқты бұндай зұлым аурумен біз өздігімізше күресе алмаймыз. Осыған орай, барша тұтынушы және сатушыларды сальмонеллез ауруынан сақтануға шақырамыз.
Талғат Хабибуллин, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы