Сәуірде 2 млн доза вакцина жеткізіледі деп жоспарлануда

ken-zhyloi.kz

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жалғасуда. Сәуір айында шамамен 2 млн доза вакцина жеткізіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жалғасуда. Бүгінде бірінші компонентпен 131 170 адам егілді. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен егу басталды, 32 482 адам егілді, жағымсыз реакция тіркелген жоқ. КВИ-ге қарсы вакцинаның 150 мың дозасы өңірлерге жеткізілуде. Сонымен қатар, сәуір айында ҚР-да өндірілген «Спутник V» вакцинасының қосымша 1,0 млн. дозасын, РФ-да өндірілген 250 мың дозасын және Спутниклайттың 1 млн. дозасын жеткізу жоспарлануда», - деді А. Цой.

Вакцинаның бұл көлемі КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингентті және вакцинацияланғысы келетін адамдарға вакцинацияның қолжетімділігін барынша кеңейтуге мүмкіндік береді.  Халықты КВИ-ге қарсы профилактикалық егулермен қамтуды ұлғайту мақсатында «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына бірқатар өзгерістер енгізілді.

Осылайша, КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингентті және оларды вакцинациялаудың басымдылығын халықтың түрлі топтарының эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, КВИ ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайға және КВИ-ге қарсы вакциналар көлемінің жеткізілуіне байланысты жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қайта қарауы мүмкін.

Денсаулық сақтау министрі вакцинация вирустың таралуын азайтудың жалғыз жолы екенін еске салды. Осыған байланысты қарсы көрсеткіштер болмаса қазақстандықтарды екпе салдыруға шақырды.

Орталық коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT