Өңірде вирустық жұқпаның өршуі жоқ

Маусымдық эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Атырау облысында балалар арасында жедел респираторлық вирустық жұқпаның өршуі жоқ. Өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Қазіргі уақытта №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жедел респираторлық вирустық жұқпамен отызға жуық бала ем алып жатыр, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар аурханасының бөлім меңгерушісі Әсия Сидешованың сөзіне сілтеме жасап.

Әсия Сидешованың айтуынша, жедел респираторлық вирустық жұқпаға қатысты маусымдық ахуал тұрақты. Вирустық жұқпалы аурулар өрши қалған тұста №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы дәрімен толықтай қамтылған. Айта кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейінгі мәліметке сүйенсек, жұқпалы аурулар ауруханасында «ковид-19» жұқпасымен отыз бала ауырып, емделіп шықты.

«Балалар «Ковид-19» жұқпасын жеңіл жағдайда өткерді. Клиникалық белгілері де аса қатты білінген жоқ. Асқыну, өлім-жітім тіркелмеді. Қазір түгелдей жазылып, ауруханадан шығарылды», - деді Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Әсия Сидешова.

Атырау облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521