Өңірде коронавируспен күрестің екінші кезеңіне штаб құрылды

Әлемнің бірқатар елінде коронавирус пандемиясы қайтадан күш алып жатыр. Сол себепті еліміздің әр өңірінде пандемияның «екінші толқынына» дайындық басталды. Атырау облысында коронавируспен күрестің екінші кезеңіне арнайы штаб құрылды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

⠀ Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхан Байдуәлиевтың төрағалығымен өткен жиында облыстағы емдеу мекемелері басшыларынан штаб құрылып, нақты жоспарлар бекітілді. ⠀

«Күн суытқан сайын вирустық жұқпалар өршиді. Сондықтан, коронавирус жұқпасы тұмаумен бірге септесіп күшеюі мүмкін. Оның үстіне әлем елдерінде коронавирус жұқпасын жұқтырғандар саны көбейіп отыр. Жаман айтпай жақсы жоқ, қауіпті індет өрши қалған тұста жан-жақты дайын болуымыз керек. Сол себепті, дайындықты ширата түстік», - дейді Асхан Байдуәлиев.

Жиында жедел-жәрдем бекеттеріне диспетчерлер санын көбейту, дәрі-дәрмек қорын нақтылау, қорғаныш құралдары, ИВЛ аппараттарының жеткілікті болуын қадағалау, тұрғындардың дәрігерлерге онлайн хабарласа алуын қолжетімді ету мәселесі қаралды.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика