Өңірде 7504 адам коронавирустан айықты

Атырауда коронавирустан емделіп шыққандар саны 72 пайызға жетті

«Қазіргі уақытта Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 72 пайызы емделіп шыққан. Яғни, КВИ сырқатымен тіркелген 10​ 421 науқастың бүгінде ​ 7504-і құлан таза сауығып шыққан» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі. ⠀

«Бірақ, бұл нәтижеге босаңсуға болмайды. «Екінші толқынға» дайындықты күшейтуіміз керек. Дәрі-дәрмек, басқа да ұйымдастыру шараларын қабылдауымыз қажет. ​ ⠀ Онымен бірге ауруханалардағы жоспарлы емдеуді үш-төрт күнде бастаймыз. Тек қана коронавирус емес, басқа да есепте тұратын науқастар күнделікті емін алуы тиіс» деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров. ⠀

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырауда 1170 инфекциялық кереует, 787 провизорлық кереует бар.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі. ⠀

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521