ПТР-тесттен кімдер тегін өтеді?

 Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру Қоры кімдер КВИ бойынша ПТР-тестерді тегін өтетіндігін айтты.

КВИ бойынша ПТР-зерттеулер жүргізуге республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Бұл мақсатта бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Бір тест бағасы шамамен 11,5 мың теңгені құрап отыр.

«Бұл ретте 1,7 млрд теңге стационарларға, 3,7 млрд теңге консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін емханаларға бағытталады. Осы медициналық ұйымдарда емделушілер ПТР-тесттен тегін өтеді», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ баспасөз қызметі».

Өңірлер үшін тестілердің қажетті санын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын болады. Қазіргі уақытта COVID-19-ға зерттеу жүргізетін 600-ден астам медициналық ұйымдармен келісімшарттар жасалды.

ӘМСҚ-ның сәуірде осы мақсатта медициналық ұйымдарға алғашқы транш жібергенін айтып өтсек. Қорда азаматтардың қай санаттары тегін тест тапсыра алатындығы айтылды:

  • - COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар;
  • - ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар;
  • - КВИ жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдар;
  • - стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер;
  • - тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер;
  • - шетелден келгендер;
  • - коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері және жүкті әйелдер т. б.

Сонымен қатар, Қорда ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде келесі санаттағы азаматтар үшін ПТР-зерттеулер жүргізетінін хабарлады:

  • - үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды;
  • - арнайы контингентке (респираторлық симптомдары бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері; қарттар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған ұйымдардағы адамдар);
  • - әскерге шақырылушыларға және т.б.

Естеріңізге сала кетейік, операторы ӘМСҚ болып табылатын, COVID-19 алдын алу бойынша іс-шараларға республикалық бюджет қаражатынан 55,9 млрд теңге қарастырылған.

Оның ішінде инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардағы төсек-күндер бойынша емделген жағдайларды төлеуге – 14,7 млрд теңге, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына үстемеақы төлеуге - 35,8 млрд теңге, диагностикалық зерттеуге (ПТР – тесттер) - 5,4 млрд теңге.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыс телефондары: : 8/7122/ 956 936, 8/7122/ 956 931

Бірыңғай байланыс нөмірі – 1406.

COVID 19

covid

Күнтізбе