Пандемиямен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне 2 млрд. 145 млн теңге төленді

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл наурыз бен тамыз айлары аралығын қосқандағы көрсеткіш. ⠀

«Облыс бойынша, коронавирус және вирустық пневмония жұқтырған медициналық қызметкерлер саны - 1085. Оның ішінде, коронавирус жұқтырған 561, вирустық пневмония диагнозымен 524 медициналық қызметкер тіркеуге алынды. ⠀

Бүгінгі күні 79 медицина қызметкерінің әрқайсысына 2 миллион теңгеден үстемақы төленді. Көз жұмған екі медицина қызметкерінің отбасының әрқайсысына 10 миллион теңгеден берілді. Бұл бағыттағы жұмыс арнайы комиссияның отырыстарында жалғасады» дейді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров. ⠀

Еске сала кетелік, пандемия салдарынан Атырау облысында 13 медициналық қызметкер көз жұмды. Оның алтауы коронавирустан, жетеуі вирустық пневмония салдарынан өмірден озды.

Атырау облысы денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика