Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 3 адам туралы ақпарат
10 cәуірдегі мәлімет бойынша ауру жұқтырғандардың 3-еуі Атырау қаласынан тіркелді. Оның ішінде екеуі 23 жəне 73 жастағы әйел адамдар, біреуі 31 жастағы ер адам. Үш науқас та коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 10.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 45 адам анықталды.
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы