Моншалар мен сауналарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 Моншаға бірде –бір рет бармаған адамды елестету мүмкін емес. Алайда, осы жан рахаты-моншадан, көптеген жұқпалы аурудың жұғу қаупін барын көпшілігіміз біле бермейміз.

 Монша мен саунадағы ылғалды орта түрлі микроорганизмдердің, мысалы, түрлі тері аурулары қышыма, дерматомикоз, соның ішінде трихофития, микроспория тағы басқалардың көбеюіне және өсіп өнуіне қолайлы болып келеді.

 Жоғарыда аталған жұқпалы аурулардың алдын алып, өзіміздің және туыстарымыздың денсаулықтарын қорғау мақсатында төмендегідей басты қағидаларды ұмытпағанымыз абзал.

 "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № ҚР ДСМ-67 бұйрығының 4 тарау .

 Моншалар мен сауналарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын қатаң сақтаған жөн.

 - Моншалар мен сауналарда жеке қолданылатын және пакеттерде берілетін таза және құрғақ киім-кешек (ақжаймалар, сүлгілер) пайдаланылады. Таза киім-кешек пайдаланылғандардан бөлек сақталады.

 - Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделеді.. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім жуылады және кептіріледі.

 - Легендерді өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар, тазартатын заттар, щеткалар мен шүберектер көзделеді. Жуынуға арналған легендер дезинфекциялау ерітіндісіне толық батырылып дезинфекцияланады және сумен шайылады.

 - Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды, мүкәммаларды және жабдықтарды жинау, жуу және дезинфекциялау жүргізіледі.

 - Бу қабылдау бөлмесін қоспағанда, моншалар мен сауналардың үйжайлары қоқыс салатын урналармен қамтамасыз етіледі.

 - Монша мен сауналардың жуыну және себезгі үй-жайларында кір жууға және кептіруге, моншаны пайдалануға қатысы жоқ заттар мен құралдарды сақтау жүргізілмейді. Теріңіздегі іріңді және тағы басқа да жұқпалы тері аурулар белгілері анықталған жағдайда қоғамдық монша, сауналарға толық жазылғанша баруға тыйым салынады. Осы қарапайым қағидаларды ұстанып, жүйелі түрде монша және сауналарға бару жанымызға рахат, тәнімізге тазалық сыйлайтыны сөзсіз.

Жылыой аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының

жетекші маманы Л.С.Садыхова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT