Мобильді топ түсіндірме жұмысына кірісіп кетті

Әлемдік індет – коронавирустың біздің ауданымызда тіркелуіне байланысты сақтық шараларын күшейтуді қажет.

Жылыой ауданы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 мамырдағы №41-ПГВР «Жылыой ауданында шектеу режимді қамтамасыз ету және короновирустық инфекцияның (СOVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысын халыққа түсіндіру мақсатында Жылыой ауданы әкімдігі жанынан мобильді топ құрылды. ⠀

Мобильді топ құрамына құқық қорғау органдары, аудандық әкімдік өкілдері, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері, "Жылыой кәсіпкерлер" Қоғамдық бірлестігінің өкілдері және ауданның кәсіпкерлері енгізілді. ⠀

Мобильді топ аудан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы КВИ-дің алдын алу туралы қойылған шектеулер жөнінде хабарламаларды таратып, осы санитарлық режимді бұзудың жауапкершілігін түсіндіру болып табылады.

Түсіндірме жүмыстары 2020 жылдың 25 мамырдан 2020 жылдың 4 маусымына дейін жүргізілетін болады. Сонымен қатар, кент және ауылдық округтерде осындай жұмысшы топтар құрылып, жұмыстар атқаруда ⠀

Құрметті жылыойлықтар, қадірлі жерлестер!

Әлемдік індет – коронавирустың біздің ауданымызда тіркелуіне байланысты сақтық шараларын күшейтуді қажет. Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынып, көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды. Бұның бәрі халықтың денсаулығы, елдің амандығы үшін жасалып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521