МИНИСТРДІҢ СӘУІР-МАУСЫМҒА АРНАЛҒАН ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БОЛЖАМЫ

ken-zhyloi.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында анықталған мутацияланған штамдарды ескере отырып, эпидемиологиялық болжамды жаңартты. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

«Пессимистік сценарий бойынша 2021 жылдың сәуір-маусымында науқас саны шамамен 370 мыңға жетеді, 190 мың адамды ауруханаға жатқызу керек болады», - деді А.Цой.

Екінші реалистік сценарий бойынша 2021 жылдың сәуір-маусымында шамамен 250 мың науқас тіркеледі, 127 мың адамды ауруханаға жатқызу қажет болады. Оптимистік сценарий бойынша 2021 жылдың сәуір-маусымында шамамен 140 мың адам тіркеледі, 71 мың адамды ауруханаға жатқызу қажет болады.

«Министрлік елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді, соның негізінде медициналық ұйымдар коронавирус инфекциясына қатысты жағдайға дайындалады. Осыған байланысты шектеу шаралары республикалық, жергілікті және өңірлік деңгейде де саралы түрде қабылданады», - деді министр.

Оның пікірінше, вакцинация шектеу шараларын азайтуға және пандемияға дейінгі кезеңге оралуға мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521