Аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы назарларыңызға келесіні хабардар етеді:
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 30-бабының 6-тармағына сәйкес, есепке жазылған аударымдары мен жарналары қордың шотына Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аударылады. Атап айтқанда:
Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар-кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер-Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;
Дербес төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады.
Төлемдерді уақытылы аудармаған салық төлеушіге жауапкершілік қарастырылған. Салық төлеушінің дербес шоты бойынша уақытылы есептелмеген әлеуметтік төлемдер сомалары бойынша өсімпұл автоматты түрде есептеледі.
Әлеуметтік төлемдердің уақытылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады.Төлеуші оны мерзімі өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерінде есептелген өсімпұлымен бірге қордың шотына аударуға тиіс.
Жоғарыда айтылғанды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 92-1 бабының 1-бөлігімен ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылады. Содан кейін осы кодекстің 92-1 бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған, яғни, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударылмаған жарналар сомасының-20 пайызы, орта кәсіпкерлік субъектілеріне -30 пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне -50 пайызы мөлшерінде айыппұл салынады.
Осыған байланысты, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға есептелген аударымдарды немесе жарналарды уақытылы аудару қажеттігін ескертеміз.
Берешек, оның ішінде өсімпұл өтелмесе, Мемлекеттік кірістер органы банктік шоттардың шығыс операцияларын тоқтатып тастайды.
Жоғарыда айтылған мәліметтерге байланысты сұрақтар туындаса, Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына немесе 5-09-70 телефон нөміріне хабарласуға болады
Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы