МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Таяуда “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері” жөнінде кездесу өтті.

Іс-шараға Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының маманы А.Уайсова және “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” ҚеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б.Ғазизов, жеке кәсіпкерлер, медицина саласының қызметкерлері, аудан тұрғындары қатынасты.

Жиын барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі, медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы, халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі, міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлеу және МӘМС жүйесіне қатысу әдістерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындар тарапынан өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, тиісінше толық жауаптар алынды.

Сондай-ақ кездесуден кейін Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының маманы және “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” ҚеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдау өткізді.

Айта кетейік, кездесу аудан әкімдігінің Инстаграмм парақшасында тікелей эфир арқылы көрсетілді.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521