Көктем, жаз айларында тамақтан улану жиі тіркеледі. Тамақтан,яғни астан улану-тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан түрлі кеселдер тобына жатады. Тамақтан улану – табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын, қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру.
Азық-түлікпен улану немесе тамақтан улану - сапасыз өнімдерді пайдаланудан болатын ауыр жағдай. Тамақтан улануға себеп болатын жағдай – мерзімі өткен сүт өнімдері, нитраты көп тағамдар, жабық консервілер пайдалану болып табылады. Белгілі температурада белгілі тәртіппен сақталынбаған немесе сақталыну мерзімі өтіп кеткен азық-түліктерді жеген адам бірден уланады. Тазалық талаптарын сақтамаған аспазшылардың да кесірі тиіп жатады. Тамақ токсикоинфекциясы, яғни тағамнан улану микроорганизмдері, олар-стрептококтар, стафилококтар, ботулизм бактериялары, шигеллалар, сальмонеллалар болып табылады.
Қазіргі уақытта адам кез келген жерден улануы мүмкін. Мысалы, қазіргі уақытта үйден шықпай интернет, онлайн арқылы тапсырыс беру кезінде өнімнің орамасында шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет етілген жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзімі көрсетілуін қадағалаңыз. Себебі белгісіз құрамды етпен дайындалған фаст-фуд, донер тағамдары, салаттар, бәліштер, самсалар және шаурмалар микроорганизмдердің ортасы болып саналады. Сапасыз дайындалған тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып адамдардың тамақтан улануына алып келеді. Микроорганизмдер сапасыз тамақ ішкеннен кейін оған түскен микробтарға байланысты уланудың алғашқы белгілері тамақтан соң бір-екі сағаттан кейін пайда болуы мүмкін. Басқа жағдайларда олар қоздырғыштарға байланысты,12 және одан да көп сағаттан кейін пайда болады. Уланған адамда жүрек айнуы, құсу, іштің ауруы, жиі іш өту, көңіл-күйінің нашарлауы, артериялық қысымның төмендеуі, тамыр соғысының жиілеуі, температура көтерілуі, кейде естен тану арқылы тырысулар болуы мүмкін.
Тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың, қарапайым ережелерін орындау қажет:
*жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды жиі жуу, әсіресе қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін антисептик пайдалану;
* ас әзірлер және тамақ ішер алдында қолыңызды жақсылап сабындап жуыңыз;
*тамақ дайындау кезінде бір рет қолданатын бетперде, бір рет қолданатын резеңке қолғапты пайдалану;
*тамаққа қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың, барлық қағидаларын сақтауы тиіс.
Шикі және піскен тамақтарға бөлек тақтайшалар мен пышақтарды пайдалану, оларды пайдаланғаннан кейін арнайы құралдармен жуу және таза ұстау;
*кез келген азық-түлікті қолданар алдында оның иісіне және түріне назар аударыңыз, күдік туғызған азық-түліктерді қолданбаңыз;
*азық-түліктерді тек тоңазытқышта белгілі температурда сақтаңыз;
*кез келген тағамның (банкі, қалбырларға жабылған, т.б.) сыртын оқып көріңіз, шығарылу және сақтау мерзіміне мән беріңіз;
*тағамды дайындаудан бұрын және шикі мал еті мен құс етін ұстағаннан кейін қолыңызды жақсылап сабынмен жуыңыз;
*шикі еттерді кесу үшін және басқа да өнімдерге оларды пайдалану үшін тақтайлар мен аспаптарды жуыңыз;
*дайындаудан бұрын мұздатылған құсты толық ерітіңіз. Егер мүмкін болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, себебі суық бактериялардың көбеюін тоқтатады;
*ет және балық өнімдерін жақсылап қуырыңыз;
* етті және құс етін балықпен бірге бір ыдысқа салмаңыз және оларды дайындағанға дейін бөлек сақтаңыз;
*шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз. Бактериялар 4,4-тен 60 градусқа дейінгі температурада тез көбейеді. Мұндай температуралық интервалда өнімдерді сақтауға жол бермеңіз:
* өнімді тоңазытқышта сақтаңыз;
* өнімді 60 градустан төмен емес температурада дайындаңыз;
*піскен тамақты ұзақ сақтамаңыз.
*көкөністерді және жеміс-жидектерді жақсылап жуыңыз;
* көкөністерді, жеміс-жидектерді сатып алу кезінде нитраттан уланудың алдын алу мақсатында қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасын талап етіңіз;
*интернет, онлайн арқылы тапсырыс беру кезінде өнімнің орамасында шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет етілген жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзімі көрсетілуін қадағалаңыз;
*қоғамдық тамақтану өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық-түлік (тағамдық) шикізатының, тамақ өнімдерінің және қосымша материалдардың әрбір партиясы қабылдау, сақтау, тасымалдау және сату кезінде олардың қадағалануын және қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасын талап етіңіз;
*тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың ілеспе құжаттамасына өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет етілген жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзімі көрсетілуін қадағалаңыз.
*тамақ өнімдерін тасымалдау үшін ішкі беті тазаланатын, жуылатын және дезинфекцияланатын, тамақ өнімдерін ластанудан, жануарлардың енуінен, оның ішінде кеміргіштер мен жәндіктердің енуінен қорғауды қамтамасыз ететін, жуылатын және уытты емес материалдардан орындалған жүк бөлімшелері бар көлік құралдары және (немесе) контейнерлер пайдаланыңыз;
*сақтау температуралары регламенттелген тамақ өнімдерін, тез бұзылатын тамақ өнімдерін тасымалдау үшін тамақ өнімдерін тасымалдау немесе сақтау жағдайларын ұстау мүмкіндігін қамтамасыз ететін,тасымалдаудың қажетті температураларын ұстайтын жабдықпен және температуралық-ылғалдылық режимді бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақталған көлік құралдары және (немесе) контейнерлер пайдаланыңыз;
*өнімдерді жәндіктер мен кеміргіштерден қорғау.
Тамақтану уланумен күрескеннен гөрі тамақ сатып алудан бастап, тамақтануға дейінгі барлық кезеңдерде алдын алу шараларын сақтау – ең тиімді әдіс.
Т.Хабибуллин,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы



