Мейірбикелер күні атап өтілді

12 - мамыр Халықаралық мейірбикелер күніне орай Жылыой ауданында облыстық конференция өтті. Конференцияға Конференция Емдеу мекемелерінің орта буын медицина қызметкерлерінің жұмыс тәжірибелерін баяндайтын фотокөрмемен басталды.

Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов өз кезегінде: 12-мамыр Халықаралық мейірбикелер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мейірбике мамандығы - әлемдегі ең ізгілікті мамандықтардың бірі. Сіздер бізге денсаулық сыйлайсыздар, ауру-сырқаудан сақтап, өміріміздің ең ауыр кездерінде көмекке келесіздер. Біздің ең қымбат байлығымыз - өміріміз сіздердің кәсібиліктеріңізге, мейірімділіктеріңіз бен көңілдеріңізге байланысты. Сондықтан да бұл сала иелеріне құрметпен бірге, үлкен жауапкершілік жүктеледі.

«Адамзат баласына қиын сынақ әкелген «COVID-19» вирусымен күн-түн демей күресіп жүрген бейбіт күннің батырлары, соның ішінде ауданымыздағы орта буын медицина қызметкерлері көзге көрінбейтін жаумен арпалыста көптеген қиындықтарды кезіктірді. Денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы, міндетін мінсіз атқарып жүрген мейірбикелерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық тілеймін. Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!-деген тілегін білдірді.

Шара барысында бір топ медицина саласының қызметкерлеріне Облыс, Аудан әкімдерінің атынан Алғыс хаттар табысталып, "Senim" денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері кәсіподағының төс белгісін, құрмет грамотасын тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521