Медициналық орталық ауруханасының мамандары 150-ден астам атыраулықты қабылдады

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері аясында орталық аурухананың білікті дәрігерлері Атырау облысында тәжірибе алмасу және медицинадағы үздік заманауи әдістерімен бөлісу мақсатында 23-26 мамыр аралығындағы жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жұмыс сапарының алғашқы күні мамандардың қатысуымен облыстық ауруханада 16 күрделі ота жасалып, Атырау облыстық ауруханасы, №2 облыстық аурухана, онкологиялық диспансер және қалалық перзентхана базасында медицина қызметкерлеріне түрлі тақырыпта дәріс оқытылды.

- Астана, Алматы қаласынан келген білікті мамандар өңіріміздің тұрғындары үшін қабылдау өткізіп, қиын жағдайдағы науқастарға ота жасап, медицина қызметкерлеріне шеберлік сабақтарын көрсетіп, дәріс оқыды. Бұл біз үшін үлкен тәжірибе алмасу болды. Алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз, деді Атырау облыстық ауруханасының басшысы Ербол Иманғалиев.

Бір күнде 150-ден астам атыраулық тұрғын нейрохирург Дәулет Сүйембетов және Мыңжылқы Бердіходжаев (жоғары санатты дәрігер) , травматолог Сәкен Мулдагалиев, аллерголог Ботагөз Давлетова мен пульмонолог Мадина Есенгельдинованың қабылдауында болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521