Медициналық қызметтерді пайдаланушылар мәртебесі

Енді автоматтандырылған режимде анықталатын болады.

Медициналық сақтандыру қоры жеке ақпараттық жүйесін сынақтан өткізбек

Медициналық қызметтерді қолданушының мәртебесі автоматтандырылған режимде анықталатын болады. Қарағанды облысында іске қосылған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) пилоттық жобасы аясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның төл жобасы - «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі сынақтан өткізілмек.

МӘМС жағдайында медициналық көмекке жүгінгенде алдымен медициналық қызметті тұтынушының мәртебесін анықтап алу маңызды. Емхананың немесе аурухананың медициналық ақпараттық жүйесі «Saqtandyrý» АЖ-нен тұтынушының сақтандырылғаны немесе сақтандырылмағаны жайлы мәліметтерді сұратады. Соған қарай көмек кепілдендірілген тегін медициналық қызметтердің есебінен, я болмаса, кеңейтілген сақтандыру пакеті есебінен төленеді.

Пациенттер үшін қосымша қиындықтар туындамайды, олар бұрынғыдай жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі тиіс. Әрі қарай медициналық ақпараттық жүйе барлық қажетті әрекеттерді өздігінен жүзеге асырады.

Қарағанды облысында 1,4 миллион тұрғынның ішінде 549 мың адам - ресми түрде жұмыс істейтіндер. Олар үшін жұмыс берушілер жарна төлейді. Бұдан бөлек, 2,5 адам бірыңғай жиынтық төлемін аударып отырады. Олар үшін жұмыс берушілер жарна төлейді. Бұдан бөлек, 2,5 адам бірыңғай жиынтық төлемін аударып отырады. Пилоттық жобада олар 2020 жылдан бастап жарнасын мемлекет төлеп беретін әлеуметтік қорғалмаған азаматтармен қатар сақтандырылған адамның мәртебесін алады.

Естеріңізге сала кетейік, сақтандырылған қарағандылықтарға вирустық гепатиттерді ерте кезден анықтау үшін қосымша алдын ала тексеруден өту мүмкіндігі ұсынылады. Сондай-ақ, сақтандыру пакетінде инсульт, инфаркт, ауыр жарақат алған немесе күрделі ота жасалған емделушілерге оңалту көмегі айтарлықтай кеңейтілді. «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі пилоттық режимде сынақтан өтіп, ақпараттық қауіпсіздік жағы тексерілгеннен кейін өндірістік пайдалануға берілетін болады.

Ал оны толығымен іске қосу үшін бірқатар мемлекеттік органға қарасты 10 ақпараттық жүйемен интеграциялау қажет. Олардың ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және т.б. бар. Қарағанды облысының медициналық ұйымдарын тиісті деңгейде цифрландырудан өткізбегенде «Saqtandyry» АЖ-сын сынақтан өткізу мүмкін болмайтын еді.

Өңірде Қордың тегін медициналық көмек көрсететін 118 медициналық ұйымы бар. Медициналық құжаттама тек сандық форматта жүргізіледі. Халықты тіркеу регистрінде бекітілген облыстың әрбір тұрғыны жеке электрондық денсаулық паспортымен қамтамасыз етілген. Паспорттар пациенттерді электрондық форматта бақылау және емдеу барысын қадағалауға мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521