МӘМС қорына атыраулықтар 17 млрд теңге аударды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылған жарнаның көлемі 17 млрд 114 млн теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2017 жылғы шілдеден бері жарна аударылып келеді. Сол кезден биылғы 21 ақпанға дейін аталған қорға Атырау облысынан аударылған жарнаның көлемі 17 млрд 114 млн теңгені құрады», - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.

Оның айтуынша, қорға түскен жарнаның 96,8 пайызын, яғни 16 млрд 584 млн теңгені Атырау облысында тіркелген жұмыс берушілер аударып отыр.

Ал 3,2 пайыз көлеміндегі 529 млн теңге жеке кәсіпкерлердің үлесіне тиеді. 

inform.kz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl