ҚҰЛСАРЫЛЫҚ 2 ТҰРҒЫННАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Ал, 49 науқас Атырау қаласының тұрғындары.

(23.06.2020 ж мәлімет бойынша) Қауіпті індетке шалдыққандар арасында Теңіз кенішінің 6 қызметкері бар. Олардан COVID-19 скринингтік тексеріс кезінде анықталды.

Ал, 49 науқас Атырау қаласының тұрғындары. 19 адамда вирус скринигтік тексеріс кезінде анықталып, 7 тұрғын байланысушы тұлға ретінде тексерілген. Ал, 23 науқас ЖРВИ-дің клиникалық белгілерімен медициналық көмекке жүгінгендер.

Осындай жағдаймен Жылыой ауданы Құлсары қаласының екі тұрғыны да медициналық көмекке жүгініп, нәтижесінде олардың да қауіпті індетке шалдыққаны белгілі болды.

Сонымен қатар, Исатай ауданының - 4, Индер ауданының - 2, Махамбет ауданының 2 тұрғыны да коронавирус инфекциясын жұқтырды. Олар алғашында байланысушы тұлға ретінде тексерілген.

Қазіргі уақытта науқастардың барлығы инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Тиісті хаттамаға сәйкес, емдік шаралары жүргізілуде.

Олармен байланысушылар тізімі анықталып, медициналық бақылауға алынатын болады. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүріп жатыр.

23.06.2020 жылғы жағдай бойынша аймақта COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 540 адамға жетті.

Қауіпті дерттен айығып шыққандар саны - 1 178.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521