Қызылша дерті жедел жұғады

Қызылша-өте жұқпалы жедел вирустық инфекциялық ауру. Ауру көбіне балаларда кездеседі, бірақ вакцина алмаған ересектер де ауыруы мүмкін. Оның белгілері дене қызуының көтерілуі, мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болады.

Жұғу жолдары: ауа-тамшы жолы арқылы. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікген, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді. Қызылшамен ауырған адам аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін 4 күн бұрын және бөртпе шыққаннан кейін 4 күнге дейін жұқпалы болып саналады. Инкубациялық кезең орта есеппен 9-14 күн, кейде 21 күнге дейін созылуы мүмкін. Қызылша ауруы бірнеше кезеңмен өтеді: 1.Катаральды кезең

•Дене қызуының 38-40 С – қа дейін көтерілуі;

 •Жалпы әлсіздік, бас ауруы;

•Мұрыннан су ағуы, жөтел;

•Көздің қызаруы, жарыққа сезімталдық;

 •Ауыз қуысының шырышты қабатында Филатов-Коплик дақтарының пайда болуы (қызылшаға тән белгі). 2.Бөртпе кезеңі

•3-4 күні беттен бастап, денеге, аяқ-қолға таралатын қызыл түсті дақты-бөртпелер пайда болады;

•Дене қызуы жоғары деңгейде сақталады. 3.Қалпына келу кезеңі

•Бөртпелер біртіндеп солып, қабыршақтанады;

 •Жалпы жағдайы жақсарады. Асқынулары.Қызылша ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

 •Пневмония;

 •Отит;

•Энцефалит;

•Соқырлық;

 •Иммунитеттің уақытша төмендеуі.

Әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және иммунитеті төмен адамдар үшін қауіпті. Қызылшаға қарсы арнайы вирусқа қарсы ем жоқ.

 Емдеу:

•Симптоматикалық (қызу түсіру, жөтелге қарсы дәрілер)

•Төсектік режим;

 •Сұйықтықты мол қабылдау;

•Асқынулар болған жағдайда стационарлық ем.

 Қызылшаның алдын алу: алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қызылшадан егу вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды. Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 1 жасында, екіншісі 6 жасында (қызылша, қызамық, паротит) вакцинасымен егіледі. Сонымен қатар науқаспен қарым-қатынаста болғандарды медициналық бақылауға алу, науқасты оқшаулау, ұжымдарда санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу маңызды.

Құндыз Пазылова,

аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT