Кәсіби әдеп

Әдептілік - мемлекеттік   қызметтің басты  ұстанымының бірі. Бұл қызмет жүйесінің қалыптасуында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, әдептілігі  өте маңызды.

Иә, халыққа қызмет ететін адамның адалдығы мен әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, өзіне деген қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің  моральдық және  әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Олардың  жұмысы, іс – әрекеті мен қызметтік әдебі үнемі бақылауда, халықтың назарында. Сол себепті, мемлекеттік органдарға қоғам тарапынан сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін  қалыптастыруға және мемлекеттік  қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайының алдын алуға бағытталған Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп кодексі қабылданды.

Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметші  барынша сыпайы, адал, сабырлы, ұқыпты, қарапайым болуы қажет.  Шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды таратпауға, өзінің іс-әрекетімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауы тиіс. Бұл ретте әрбір мемлекеттік қызметші өз жұмысының маңызын терең түсініп, өз елінің патриоты болуы керек және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін барлық шараларды қолға алуы қажет.

Басқарма ғимаратының екінші қабатындағыкөрнекі орында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі орнатылған. Басқарма басшысының  азаматтарды қабылдау кестесі ілінген. Ол аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндеріне сағат 15.00-ден 17.00-ге  белгіленген. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020  бұйрығына  сәйкес  санитариялық-эпидемиологиялық   саладағы мемлекеттік  қызмет  уақытылы  көрсетіліптұрады және тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Т. Хабибуллин

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT