Құлсары қаласындағы 75 орындық орталық аурухана жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Бұл туралы облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тапсырыс беруші облыстық Құрылыс басқармасы болып табылатын аурухананың құрылыс жұмыстары «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында жүріп жатыр. Ал мердігер мекеме – «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» ЖШС.

-Орталық аурухана ғимараты 55 орындық негізгі корпус, 10 орындық балалар бөлімшесі, 10 орындық инфекциялық бөлімшеден тұрады. Сонымен қатар ас блогы ғимараты, 3 автокөлікке арналған гараж, трансформаторлық қосалқы станция, бақылау-өткізу пункті, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату ғимараты, қоқыс жинағыш, құрылысқа арналған дизельді электр станциялары, ауыз суға арналған резервуар, автотұрақ бар,- деді Н.Құсайынов.

Сондай-ақ басқарма басшысының айтуынша, құрылыс барлық санитарлық ережелер мен талаптарға сай, заманауи үлгіде салынып отыр. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары 96,6% орындалды. Нысанды жыл соңында дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT