Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетудің жаңа кезеңі басталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында айтқан «Елімізде медицина нысандары біртіндеп жаңғыртылуда.

Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап мамандандырылған ауруханаларға дейін жаңартылып жатыр» деген сөзі – бүгінде ел өмірінде нақты көрініс тапқан шындық. Соңғы жылдары еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа медициналық нысандар салынып, ауыл халқына сапалы қызмет көрсету мүмкіндігі артты.

Президент атап өткендей, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды, осы жылдың соңына дейін тағы 115 нысан пайдалануға берілмек». Бұл – тек сандық көрсеткіш емес, ауылдық жердегі әр отбасының өмір сапасын жақсартуға бағытталған стратегиялық инвестиция. Денсаулық сақтау инфрақұрылымының жаңаруы – тек жаңа ғимарат емес, ол заманауи жабдықтармен қамтылған, қолжетімді және тиімді медициналық көмек деген сөз.

Мемлекет басшысы қалалы жерлерде де денсаулық сақтау жүйесінің жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын нақты атап өтті: «Астанада онкология орталығы, Алматыда жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы ашылды». Бұл орталықтар – отандық медицинаның ғылыми әлеуетін арттырып, халыққа жоғары технологиялық ем алу мүмкіндігін кеңейтетін маңызды нысандар. Әрине, Президентіміздің медицина саласына қатысты бұл ұстанымдары – ел азаматтарының денсаулығын қорғауға бағытталған жүйелі саясаттың айқын көрінісі. Өйткені, денсаулық сақтау саласын жаңғырту – экономикалық өсудің де, ұлттық қауіпсіздіктің де маңызды құрамдас бөлігі.

Руслан Таңатарұлы,

акушер-гинеколог

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT