Халық саулығы – ел болашағының кепілі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы - елдің әлеуметтік дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды құжат. Әсіресе, денсаулық сақтау саласына қатысты айтылған нақты міндеттер медицина қызметкерлері үшін үлкен жауапкершілік пен жаңа серпін береді.

Мемлекет басшысы алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ауылдық жерлердегі емдеу мекемелерін жаңғырту және дәрігерлердің еңбегін әділ бағалау мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл біз үшін көптен күткен өзгерістердің бастауы дейді ақ халатты абзал жандар.

Бүгінгі медицина - тек емдеу емес, алдын алу мен салуатты өмір салтын қалыптастыру. Жолдауда айтылғандай, халық денсаулығын сақтау - мемлекеттің басты басымдығы.  Дәрігерлер осы бағыттағы реформаларды қолдайтындарын айтып отыр.

Жолдаудағы әр бастама - дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты іс. Сондықтан бұл құжат бізге сеніммен жұмыс істеуге, болашаққа үмітпен қарауға жігер береді.

                          Жылыой аудандық орталық аурухананың медбикесі

                                                           Нұрсұлу Мұқанова                  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT