Халық саулығы – басты назарда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі ел дамуының басты басымдықтарын айқындап берді.

Биылғы Жолдау «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбымен ерекшеленіп, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық даму бағыттарын қамтыды. Соның ішінде халық денсаулығын қорғау мәселесі ерекше орын алды.

Президент өз сөзінде адамның денсаулығы –мемлекеттің басты байлығы. Әрбір азамат сапалы медициналық қызметке тең қол жеткізуі тиіс – деп атап өтті.

Бүгінде еліміздің медицина саласы үлкен өзгерістер кезеңінде. Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне медициналық көмектің сапасын бақылаудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл жоспар емханалар мен ауруханалар қызметін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Қазіргі таңда елімізде 100-ден астам атаулы дәрі-дәрімек отандық өндірістен шығарылады, ал алдағы жылдары тағы 178 жаңа түрін өндіру жоспарланған. Бұл қадам халықтың дәрі- дәрімекке деген қолжетімділігін арттырып, бағаның тұрақтануына мүмкіндік береді.

Қала тұрғыны Нұсұлтан Ізбасаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT