"Халық" қайырымдылық қорының қамқорлығы

Аталмыш қор 1000 атыраулыққа дәрілік-азық-түлік жиынтығын таратуда

⠀ "Халық" қайырымдылық қоры Атырау облысының тұрмысы төмен және көп балалы 1000 отбасына жиынтық дәрілік-азық-түліктерді таратуда», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ⠀

«Материалдық жағдайы төмен және дәрі-дәрмектерді қажет ететін отбасылардың тізімін алты категория бойынша қалалық және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынды. 1000 жиынтық қалаға және аудандарға таратылуда", - дейді ұйымдастырушылар. ⠀

Жалпы салмағы 60 кг асатын жиынтықта Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен келісілген және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен COVID-19 емдеу хаттамасына енгізілген негізгі дәрілік препараттар мен азық-түлік жиынтықтары мен жуғыш заттар, сондай-ақ антисептикалық құралдар және медициналық маскалар бар.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521