banner_damu

Халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 16,8 млрд теңге төленді

«7 қарашадағы мәлімет бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 16,8 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 74 пайызы», - деді МСҚ филиалы директоры Байтолла Ғазизов.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады. Қор емдеу мекемелерімен мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 22,8 млрд теңге.

«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Ғазизов.. Бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 59 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 25-і – жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 4 ұйымға артқан. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 16% өсіп, 1,2 млрд теңгені құрады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика