Халыққа медициналық көмек көрсетуге 50 млрд теңге қарастырылған

Өткен жылы 58 жеке жеткізуші жұмыс істесе, биыл олардың саны 67-ге дейін өскен

Атырау облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры филиалының 2021 жылға арналған сатып алу жоспары бойынша халыққа медициналық көмек көрсетуге 50,4 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы Атырау облысы коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлімдеді.

Оның баяндамасынан белгілі болғандай, 2021 жылға арналған Қордың Атырау облысы бойынша филиалының сатып алу жоспары бойынша халыққа медициналық көмек көрсетуге 50,4 млрд теңге, оның ішінде ТМККК – 31,08 млрд теңге, МӘМС – 19,32 млрд теңге қарастырылып отыр.

- Ағымдағы жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша 48,9 млрд. теңге сомасына 63 медициналық қызмет жеткізушімен 189 келісім шарт жасалды. Тұрғындарға медициналық қызмет көрсету үшін тартылатын жеке меншік жеткізушілердің өсу үрдісі сақталуда. Егер өткен жылы филиалмен 58 жеке жеткізуші жұмыс істесе, биыл олардың саны 67-ге дейін өскен, – деді С. Құралбек.

Осылайша, облыс бойынша қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша ұлғайтылды:

-БМСК 2021 жылға 13,2 млрд теңге;

-стационарды алмастыратын көмек 2,9 млрд теңге;

-ауыл тұрғындарына медициналық көмек 4,6 млрд теңге; -паллиативтік көмек 161,7 млн теңге;

-АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратындарға медициналық-әлеуметтік көмек 318,8 млн теңге;

-онкогематология 145,2 млн теңге;

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521