Қазақстанда індеттің беті қайта бастады

Қазақстанда бірнеше күннен бері коронавирус жұқтырғандардың саны азайып жатыр.

Алматыдан басқа өңірлерде бір тәулікте анықталған науқастардың саны 400-ге жетпейді.

Өткен тәулікте 3 653 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 4 826 науқас тіркелген.
Өңірлердегі статистика:
Нұр-Сұлтан қаласы - 366,
Алматы қаласы - 1146,
Шымкент қаласы - 19,
Ақмола облысы - 288,
Ақтөбе облысы - 66,
Алматы облысы - 195,
Атырау облысы - 32,
Шығыс Қазақстан облысы - 109,
Жамбыл облысы - 61,
Батыс Қазақстан облысы - 110,
Қарағанды облысы - 295,
Қостанай облысы - 298,
Қызылорда облысы - 20,
Маңғыстау облысы - 15,
Павлодар облысы - 345,
Солтүстік Қазақстан облысы - 274,
Түркістан облысы - 14.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 1 274 607.

Коронавирустан қанша адам қайтыс болды Өткен тәуліктегі мәлімет бойынша Қазақстанда 16 адам коронавирус инфекциясынан, үш адам ковид пневмониясынан қайтыс болды. COVID-19 індетінен қайтыс болғандардың жалпы саны 13 372, ковид белгілері бар пневмониядан көз жұмғандардың саны 5 288 адамға жетті. Қанша адам COVID-19-бен ауырып жатыр

7 ақпандағы жағдай бойынша 95 515 адам коронавирустан емделіп жатыр. Ауруханаларда 9 897 науқас бар. Коронавирус жұқтырған және пневмониямен ауырған 453 науқастың жағдайы ауыр, 155-інің жағдайы өте ауыр, 96 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.

atpress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT