Жатыр мойыны обырына қарсы тиімді күрес құралы- адам папиллома вирусы (АПВ) вакцинациясы. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі №11 қаулысына сәйкес, елімізде АПВ-ға қарсы вакцинациялау жүргізілуде. Бұл шара онкологиялық аурулардың алдын алу үшін маңызды қадам саналады.
АПВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАУПІ
Адам папиллома вирусы - дененің әртүрлі бөліктерінің тері мен шырышты қабатын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус қауіпті, өйткені ол тез таралып, жасушалардың қатерлі ісік дегенерациясының қоздырғышына айналады. Нәтижесінде қатерлі ісік дамуы мүмкін. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының (рак шейки матки) 1900-ге жуық жаңа дерегі тіркеледі және жылына 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады. Елімізде жатыр мойыны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші орында тұр.
ЖЫЛДАМ ЖҰҒАТЫН ВИРУС
АПВ вирусы адамнан адамға келесі жолдармен беріледі: Ол қол алысу, сүйісу немесе терідегі жарақаттар арқылы берілуі де мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады. Сондықтан қоғамдық орындарға – сауналарға, ванналарға, спорт залдарына, дәретханаларға, бассейндерге барғанда абай болу керек -Жыныстық жолмен. Вирустың онкогенді түрлері осы жолмен берілетін кезде жыныс мүшелерінде орналасқан жыныс сүйелдерін тудырады. -Туған кездегі тік жол. Вирус анадан балаға туу каналы арқылы өту кезінде беріледі. Сүйелдер көбінесе өмірдің алғашқы жылдарында нәрестелердің аузында немесе терісінде пайда болады.
-Өзіне-өзі жұқтыру арқылы. Жиі қырыну немесе эпиляция кезінде АПВ дененің бір аймағынан екінші бөлігіне ауысады. Бүгінгі күні АПВ үшін ем жоқ. Жатыр мойыны обырының дамуы әйелдің осы вирусты жұқтыруынан болатыны ғылыми дәлелденген. Адам папиллома вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы әлемнің 135 елінде қолданылып келеді. Соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстанда жүргізіледі.
Биылғы жылдың күзінен бастап Қазақстанда 11 жастағы қыздарға АПВ індетіне қарсы вакцинация жүргізіле бастады. Оны мектептегі егу бөлмесінде немесе қоғамдық емханаларда тегін алуға болады. Әрине, вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің тексеруінен кейін ата-анасының немесе қамқоршысының ақпараттық келісімімен жүргізіледі. Ал қарсы көрсетілімдер болса, онда дәрігердің тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі. АПВ вакцинасы иммунитеті төмен адамдар үшін қауіпсіз.
ВАКЦИНА ҒАНА ҚОРҒАЙДЫ
Адам папиллома вирусына қарсы вакцина құрамында тірі вирустар жоқ. Онда организмге енген кезде иммундық жүйені белсендендіретін жеке вирустық ақуыздар бар. Өз кезегінде, иммундық жүйенің жасушалары вируспен күресуге бағытталған антиденелерді шығарады. Осыған байланысты вакцина қатерлі ісік тудыруға қабілетті емес. Жалпы «АПВ-ға қарсы егу әйелдердің репродукциялық функциясына әсер ете ала ма?» деген сауал да туындайтыны анық.
Маман ретінде айтарым: вакцина әйелдердің ұрпақты болу қабілетіне әсер етпейді және қандайда бір жолмен бедеулікті тудыруы мүмкін емес. Бұл әлемнің дамыған елдерінде көп жылдық клиникалық зерттеулер арқылы дәлелденді. Мұндай ойда болу - қате түсінік. Алғашқы АПВ (ВПЧ) вакцинасы енгізілген 2006 жылдан бері бүкіл әлемде 100 миллионнан астам адам егіліп, 270 миллионнан астам вакцина салынды. Ешқандай елеулі жағымсыз реакциялар болмады.
Қазіргі таңда ауданда 11-13 жас аралығындағы қыз балаларға екпе салу жүргізіліп жатыр. Әзірге одан кейін қолайсыз жағдай тіркелген жоқ.Бұл вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейді. "Егер қызыңыздың дені сау, ғұмыры ұзақ болғанын қаласаңыз, онда «вакцинаға қарсымын» немесе «қолдаймын» деп емес, ең алдымен, ұрпағыңыздың өмірін ойлаңыз. Болашағымызға жатыр мойны обырынсыз өмір сүру мүмкіндігін сыйлау қажет.
Жаннат Жайлаубаева,
аудандық орталық емхананың екпе мейірбикесі