Қауіпті кесел

Дәрігер кеңесі

   Құтыру ауруы — аса қауіпті, орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы індетке жатады. Қоздырғышы — өте ұсақ вирустар. Табиғатта ол қасқыр, түлкі, қарсақ секілді жыртқыш аңдарда  сақталады. Қолға үйреткен жануарлар, ит пен мысық та  бұл ауруға жиі шалдығады. Бұл адамның да құтыруына себеп болады.

    Бұл - соңы өлімге әкеп соқтыратын аса қауіпті ауру. Ол дүниежүзінде кең тараған, онымен барлық  жануар мен адам ауыра береді. Қоздырғыштары ауырған түз тағысының ми жасушасында өсіп-жетіліп, сілекейі арқылы тарайды. Ол адамды немесе басқа да төрт түлікті тістеп, қапқанда жараға жұққан  сілекейі арқылы ағзаға түседі. Содан қан арқылы нерв талшықтарына жетіп, орталық жүйке (нерв) жүйесіне қарай жылжиды.  Жұлын жасушаларында қоздырғыштар өсіп-жетіледі.  Сондықтанқоздырғыш түскен жара неғұрлым  жүйкежүйесіне жақын болса, солғұрлым қауіпті, аурудың туындау мерзімі де тез болып келеді. Мысалы бас, мойын, бет және ұсақ жүйке талшықтарына бай қолдың саусақтары аса қауіпті орындар саналады. Қоздырғыш енген жерде алғашында қышыма пайда болып, невролгия сипаттас ауру сезімі дененің басқа бөлігіне беріле бастайды. Адамды қорқыныш билеп, қатты алаңдап, күйзеліскеұшырайдыАуру белгісі білінген 1-3  күн өткенсоң ол судан, жарықтан, шудан қорқабастайды. Жарық сәулесі немесе аздаған желлебінің өзі, судың сылдыры адамның денесінқұрыстырып, дірілдетіп, қалшылдатадыӘсіресе тыныс жолдарының бұлшық еттері қарысып, тұншығады.  Құтырмамен ауырған адамның жазылуы қиын.

      Олай болса, бұл қауіпті дерттің қалай алдын алуға болады? Қаңғыбас,  бұралқы  иттер мен мысықтарды аулау, жою, үй жануарларын үйде ұстау ережесін қатаң сақтау,  оларды құтырма ауруына қарсы профилактикалық егу керек Жануарлар тістеуінен, сілекейленуінен, тырнауынан зардап шеккен адамдардың  бірден медициналық көмекке жүгінуі тиіс. Бұл ретте дәрігер тағайындаған антирабикалық екпені схемаға сай алу маңызды. Зардап шеккендер емдеу-профилактикалық егуді 5 рет алады. Екпе қабылдап жүргенде қатты ыстықтан, салқыннан қорғану қажет және алкогольді ішімдіктер ішуге болмайды. Адам қауып алған ит, мысық және тағы басқа жануарды емдейтін  (ветеринарлық) мекемеге жеткізіп, 10 күн бойы бақылауда ұстау қажет. Адам қапқан жануарды өлтіруге болмайды, өйткені бақылау қорытындысы бойынша алдын ала емдеу тактикасын таңдау керек болады.

    Үйде ұстайтын ит-мысықтарды жыл сайын құтырма ауруына қарсы еккізіп, серуендету жөніндегі ережені сақтау керек. Кез келгениелігіне жаңадан сатып алған итті әр тұрғын тіркеуден өткізіп, ектіруге міндетті. Кешкі уақытта итті тек жабық аулаға жіберген жөн. Жалпы ортақ аулаға немесе серуендету үшін көшеге итті тек қысқа қарғыбаумен және мұрындықпен шығару қажет.

     Құтырумен ауырған адам сауықпайды. Бірақ алдын алуға болады. Зардап шеккен науқастысақтандырудың бірден-бір шарасы — егу. Сондықтан сырт көзге дені сау болып көрінген жануар (ит, мысық, қарсақ, т.б) жарақаттап кетсе немесе тырнап алып,  зардап шеккен жағдайда дереу дәрігерге көрініп, оныңтағайындаған емнің толық курсын алу қажет.Ал адамға құтыру ауруына қарсы екпелер тегін жасалады! Ендеше, өз денсаулығыңыз өз қолыңызда екенін ұмытпайық, ағайын!

 

Кұндыз Пазылова,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының  жетекші маманы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT