Үйден тамақ өнімдеріне тапсырыс берсеңіз...

Көктем, жаз айларында тамақтану улану жиі кездеседі.

Тамақтан улану мерзімі өткен сүт өнімдерін, нитраты көп тағам өнімдерін, жабық консервілерді пайдаланудан болады. Белгілі температурада белгілі тәртіппен сақталынбаған немесе сақталу мерзімі өтіп кеткен азық-түліктерді жеген адам бірден уланады. Тазалық талаптарын сақтамаған аспазшылардың да кесірі тиіп жатады. Тағамнан улануды тудыратын микроорганизмдер-стрептококтар, стафилококтар, ботулизм бактериялары, шигеллалар, сальмонеллалар. Қазіргідей коронавирус ауруы тараған кезде үйден шықпай интернет, онлайн арқылы тамақ өнімдеріне тапсырыс бересіз, сол кезде өнімнің қаптамасындағы шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет етілген жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзімі көрсетілуін қадағалайсыз ба?

Сапасы белгісіз еттен дайындалған фаст-фуд, донер ,салаттар, бәліштер, самсалар және шаурмалар түрлі микробтардың ортасы болып саналады. Ал сапасыз дайындалған тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып адамдардың тамақтан улануына әкеп соғады. Тамақтан уланудың алғашқы белгілері тамақтан ішкеннен кейін бір-екі сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, басқа жағдайларда олар қоздырғыштарға байланысты,12 және одан да көп сағаттан кейін пайда болады. Уланған адамда жүрек айнуы, құсу, іштің ауруы, жиі іш өту, көңіл-күйінің нашарлауы, артериялық қан қысымының төмендеуі, тамыр соғысының жиілеуі, температура көтерілуі, кейде естен тану арқылы құрысулар болуы мүмкін.

Тамақтан уланбау үшін мына қарапайым ережелерді орындау қажет:

  • * Жеке гигиенаны сақтап, қолды жиі жуыңыз (әсіресе қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін), антисептик пайдаланыңыз;
  • * ас әзірлер және тамақ ішер алдында қолыңызды жақсылап сабындап жуыңыз;
  • * Тамақ дайындау кезінде бетперде, бір рет қолданатын резеңке қолғапты пайдаланыңыз;
  • * Тамақ өнімдерін дайындаушылар қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың барлық қағидаларын сақтауы тиіс, шикі және піскен тамақтарға бөлек тақтайшалар мен пышақтарды пайдалану, оларды пайдаланғаннан кейін арнайы құралдармен жуу және таза ұстау қажет;
  • * кез келген азық-түлікті қолданар алдында оның иісіне және түріне назар аударыңыз, күдік туғызған азық-түліктерді қолданбаңыз;
  • * азық-түліктерді тек тоңазытқышта белгілі температурада сақтаңыз;
  • * кез келген тағамның ( банкі, қалбырларға жабылған, т.б.) сыртын оқып көріңіз, шығарылу және сақтау мерзіміне мән беріңіз;
  • * тағамды дайындаудан бұрын және шикі мал еті мен құс етін ұстағаннан кейін қолыңызды жақсылап сабынмен жуыңыз;
  • * шикі еттерді кесу үшін және басқа да өнімдерге оларды пайдалану үшін тақтайлар мен аспаптарды жуыңыз;
  • * дайындаудан бұрын мұздатылған құсты толық ерітіңіз. Егер мүмкін болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, себебі суық бактериялардың көбеюін тоқтатады;
  • * ет және балық өнімдерін жақсылап қуырыңыз;
  • * етті және құс етін балықпен бірге бір ыдысқа салмаңыз және оларды дайындағанға дейін бөлек сақтаңыз;
  • * Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз. Бактериялар 4,4-тен 60 градусқа дейінгі температурада тез көбейеді.
  • Мұндай температуралық интервалда өнімдерді сақтауға жол бермеңіз:
  • * өнімді тек тоңазытқышта сақтаңыз;
  • * өнімді 60 градустан төмен емес температурада дайындаңыз;
  • *піскен тамақты ұзақ сақтамаңыз.
  • * көкөністерді және жеміс-жидектерді жақсылап жуыңыз;
  • * Көкөністерді, жеміс-жидектерді сатып алу кезінде қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжатын талап етіңіз ;
  • * интернет, онлайн арқылы тапсырыс беру кезінде өнімнің орамасында шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет етілген жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзімі көрсетілуін қадағалаңыз ;
  • * азық-түлік пен қажетті тауарларды үйде жеткізуді ұйымдастырумен тауарларды ғаламтор арқылы алу кезінде сапасына, сыртқы орамасына, сақталу мерзімдері, бүтіндігіне аса мән беру қажет;
  • *қоғамдық тамақтану өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық- түлік (тағамдық) шикізатының және қосымша материалдардың әрбір партиясы қабылдау, сақтау, тасымалдау және сату кезінде олардың қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжатын талап етіңіз;
  • *тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың ілеспе құжатында өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет етілген жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзімі көрсетіуін қадағалаңыз.
  • *тамақ өнімдерін тасымалдау үшін ішкі беті тазаланатын, жуылатын және дезинфекцияланатын, тамақ өнімдерін ластанудан, жануарлардың енуінен,оның ішінде кеміргіштер мен жәндіктердің енуінен қорғауды қамтамасыз ететін, жуылатын және уытты емес материалдардан орындалған жүк бөлімшелері бар көлік құралдары және (немесе) контейнерлерді пайдаланыңыз;
  • * сақтау температуралары регламенттелген тамақ өнімдерін, тез бұзылатын тамақ өнімдерін тасымалдау үшін тамақ өнімдерін тасымалдау немесе сақтау жағдайларын ұстау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, тасымалдаудың қажетті температураларын ұстайтын жабдықпен және температуралық-ылғалдылық режимді бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақталған көлік құралдары және (немесе) контейнерлер пайдаланыңыз;
  • *өнімдерді жәндіктер мен кеміргіштерден қорғаңыз;
  • *азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері, азық-түлік базарлары санитариялық-дезинфекциялық шараларды күшейтуге , әрбір отбасы дезинфекциялау құралдарын пайдалануға тиіс.

Нұржамал Құлекенова , Жанар Төлеуішова,

Жылыой аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының

санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші мамандары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521