Өңірде 737 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

Вакциналардың II компонентімен 20 314 адам егілді.

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

24 мамырдағы мәлімет бойынша "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентін 737 жергілікті тұрғын алды. Оның ішінде 38 медицина қызметкері, 27 педагог, 2 полиция қызметкері, 15 студент, 8 құқық қорғау органдарының қызметкері, 6 мемлекеттік қызметкер, 1 адам созылмалы аурумен, 640 жергілікті тұрғын бар.

1 ақпан мен 24 мамыр аралығында "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентімен 50 604 адам вакцинацияланды. Вакциналардың II компонентімен 20 314 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521