Індеттен 16 адам жазылды

Атырауда он алтыншы науқас дерттен айықты

Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны инфекциялық стационардан емделіп шықты, деп хабарлайды төтенше жағдайды қамтамасыз ететін жедел штабы.

Еске сала кетейік, 31 наурызда науқас әйел «коронавирустық инфекция» диагнозымен ауруханаға жатқызылған еді. Емдеу басталғаннан кейін дәрігерлер емделушінің жағдайы орташа ауыр деп бағалаған. Осыдан бір апта бұрын Қызылқоға ауданының 28 жасар тұрғынының да жағдайы жақсарған болатын.

- Бүгін, 17 сәуірде пациент инфекциялық стационардан шығарылды, - деп хабарлады жедел штаб.

Айта кетейік, Атырау облысының 16 тұрғыны аталмыш дерттен жазылып шықты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521